Warning: session_start(): open(/tmp/sess_5uud2lqc7sn355ppragoh0op6o, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - БҚО-да ширек ғасыр бұрын адам өлтіргендер сотталды - официальные новости ЗКО
4.07.2025, 18:00
Просмотры: 180

БҚО-да ширек ғасыр бұрын адам өлтіргендер сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Асқар Батыров пен Әлібек Сармағамбетовке үкім шықты, - деп жазады kaz.inform.kz.

Policeman unlocking a handcuffs on the criminal's back.

Фото: istockphoto.com
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оларға ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі 1, 7-тармақшаларына сәйкес алдын ала сөз байласу арқылы топ болып екі адамды өлтірді деген айып тағылған еді.

Сотта анықталғанындай, 2000 жылы 13 желтоқсанда шамамен сағат 18.00-де Орал қаласында А.Батыров Ә.Сармағамбетовтің нұсқауымен автокөлік ішінде Ш. мен С-ның басы мен мойнынан тапаншамен атқан. Алған жарақат салдарынан жәбірленушілер сол жерде көз жұмған.

Сотталушы Батыров екі адамды өлтіру бойынша өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Сармағамбетов өз кінәсін мойындаған жоқ.

- Алқабилер алқасының үкімімен сотталушылар аса ауыр қылмысты ауырлататын жағдайда жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Заң талаптарын негізге ала отырып, сот А.Батыровқа - 19, Ә.Сармағамбетовке 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Олардың жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын полиция 25 жыл бұрын Орал қаласында болған екі адам өлтіру қылмысын ашқанын жазған едік.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале