Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1e536fh1j2o8jvhv6hoaf37tnt, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - БҚО-да жануарлардан 1 300-ден астам адам зардап шекті - официальные новости ЗКО
21.07.2025, 10:00
Просмотры: 286

БҚО-да жануарлардан 1 300-ден астам адам зардап шекті

Батыс Қазақстан облысында жануарлардан зардап шеккен адамдар саны көбейді, - деп жазады kaz.inform.kz.

ЖП ИТ

Сурет сайт архивінен 

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың мәлім еткеніндей, биылғы алты айда жануарлардан жарақат алған 1 333 адам медициналық көмекке жүгінді.

Оның сөзіне қарағанда, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден (1 296) асып кетіп отыр.

- Соның ішінде 942 адамды ит қапқан. 341-і мысықтан, төртеуі жылқыдан, 10-ы ірі қарадан, 35-і басқа жануарлардан зардап шекті. Дегенмен адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ, - деді Д.Жаңабергенова.

Департамент басшысының айтуынша, биыл Ақжайық, Бәйтерек, Қаратөбе және Тасқала ауданында 4 адамның бруцеллезге шалдыққаны тіркелді. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда, 0,6-дан келеді. Барлық жағдайда ауру melitensis қоздырғышынан туындаған және адамдар малмен тығыз қарым-қатынас жасаған кезде жұқтырған.

Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бруцеллез 16 дерекке кемігенімен, өңірде әлі де кездесіп отыр.

- Бруцеллездің алдын алу үшін малды жыл сайын тексеруден өткізу қажет. Сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарын қолданып, мал дәрігерінің рұқсатынсыз ет пен сүтті сатпау керек. Оған қоса өнімдерді тек рұқсат етілген орындардан сатып алу маңызды, - деді Д.Жаңабергенова.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале