Warning: session_start(): open(/tmp/sess_n8phpuroqmqdhbklm5cfj2arh5, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Бүгін ҚПЛ-да 8-турдың екінші ойын күні өтеді - официальные новости ЗКО
11.05.2025, 12:00
Просмотры: 205

Бүгін ҚПЛ-да 8-турдың екінші ойын күні өтеді

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 8-турының екінші ойын күні өтеді.

ef00f226-c0be-427a-a211-a1ada3c4cd2fФото: «Елімай» футбол клубы

Бүгін, 11 мамырда 15.00-дe «Жетісу» (Талдықорған) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) ойнаса, 17.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда), 19.00-дe «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей) шеберлік байқасады.

Аталған турдың алғашқы ойын күні, 10 мамырда елордалық «Астана» өз алаңында қостанайлық «Тобылдан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу барысында қостанайлық клубтан Ахмед Эль-Мессауди 8-минутта есеп ашса, одан кейін Николай Сигневич 16, 36-минутта екі гол соғып кетті. Оған елордалық клубтан 87-минутта Джеффри Чинеду бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Астана» қатарынан екі тур бойы жеңіске жете алмай келеді.
Сондай-ақ аталған турда петропавлдық «Қызылжар» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытау» клубын 2:1, түркістандық «Тұран» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале