Warning: session_start(): open(/tmp/sess_kd28ibejs0o55dr1au4koof3qi, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Елімізде әскерилердің физикалық дайындығы бойынша талап өзгереді - официальные новости ЗКО
21.04.2022, 11:31
Просмотры: 159

Елімізде әскерилердің физикалық дайындығы бойынша талап өзгереді

ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердегі физикалық дайындығы жөніндегі нормативтерге өзгертулер әзірледі. Өзгертулер жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында орналастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

Нормативтер жобасына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар мыналар:

1) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттардың» дене даярлығын бағалау тәртібі анықталды – бұрын бұл мәселе қарастырылмаған;

2) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттар» санаты әскери қызметшілер санатынан бөлінді – бұған дейін нақты санаттар арасы бөлінбеген;

3) «Азаматтық жастар қатарынан әскери оқу орындарына кандидаттарға» арналған жаттығулар айқындалды (100 м жүгіру қосылды) – бұған дейін кейбір жаттығулар қарастырылмаған;

4) Жекпе-жек ұрыс тәсілдерін жасауға тартылатын санаттар айқындалды (1 және 2 жас тобындағы әйелдерге - бастапқы және 8 есепке орындалатын ЖЖК кешендері, 1 және 5 жас тобындағы әскери қызметші ерлерге – жекпе-жек бастапқы, арнаулы және 8 есепке орындалатын жекпе-жек кешендері) – бұған дейін кейбір жаттығулар дұрыс бөлінбеген;

5) Кедергілер жолағында орындалатын жаттығулар нәтижелеріне ауа температурасын және киім нысанын ескере отырып түзетулер анықталды - бұған кедергілер жолағында орындалатын жаттығуларға өзгертулер және киім нысанының нұсқалары болмаған.

Құжат жобасы осы жылдың 5 мамырына дейінм қоғамдық талқылауға ашық болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале