Warning: session_start(): open(/tmp/sess_tqa3ir9jhpehduj9gun1vata1e, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Енді қазақстандықтар Араб Әмірліктерінде 90 күнге дейін визасыз жүре алады - официальные новости ЗКО
5.10.2022, 9:30
Просмотры: 216

Енді қазақстандықтар Араб Әмірліктерінде 90 күнге дейін визасыз жүре алады

Біріккен Араб Әмірліктері туристерге, жұмыс іздеушілерге және елге қоныс аударғысы келетіндер үшін жаңа визалық ережелер енгізу арқылы көші-қон заңнамасын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM-ге сілтеме жасап.

221004113904507e
 Иммиграциялық заңнаманы қайта қарау нәтижелері бойынша БАӘ сәйкестендіру, азаматтық, кедендік және порттық қауіпсіздік федералды басқармасы (ICP) туристерге, жұмыс іздеушілерге және Парсы шығанағы елінде тұруға мүдделі адамдарға қатысты визалық ережелердің жаңа пакетін енгізді. Жаңа ережелер 3 қазанда күшіне енді.

Олар БАӘ-ге баруға және тұруға мүмкіндік беретін визалардың 15 түріне арналған жаңартылған талаптар мен ережелерді қамтиды. Олардың ішінде туристік кіру визалары, алтын және жасыл тұру ықтиярхаттары, жер үсті порттары арқылы жүк көлігінің жүргізушілеріне кіруге рұқсаттар, көрші елдердің азаматтарына, круиздік кеме қызметкерлеріне арналған визалар және т.б. бар.

Gulf News-тің хабарлауынша, туристер үшін ұзағырақ визалар, жасыл виза бойынша тұру мерзімін ұзарту және кеңейтілген 10 жылдық алтын виза схемасы жаңадан енгізілген ережелердің басты жаңалығы болды. Енді туристер Әмірліктерде бұрынғыдай 30 емес, 60 күн бола алады.

Сонымен қатар бес жылдық бірнеше реттік туристік виза келушілерге БАӘ-де қатарынан 90 күнге дейін тұруға мүмкіндік береді. Ал жұмыс іздеушілерге арналған виза кәсіби жұмысшыларға демеушісіз немесе қабылдаушы тарапсыз БАӘ-де жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін іздеуге көмектеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале