Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1etqqd4ea77g3dbjknoktn1ocj, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктердің дамуы талқыланды - официальные новости ЗКО
21.08.2023, 11:00
Просмотры: 175

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктердің дамуы талқыланды

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – cауда және интеграция министрі С. Жұманғарин Пәкістанның  «TCS Logistics Private Limited» ірі логистикалық компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Халид Наваз Аванмен кездесті.

img-3364

Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-логистикалық мүмкіндіктерді дамыту мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстанның оңтүстік порттарға қарай сауда-экономикалық бағыттарын әртараптандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтып берді. Пәкістанға, Пәкістан арқылы экспорттық-импорттық өнімді тасымалдау мәселелері өзекті және бүгінгі таңда жоғары басымдыққа ие екенін атап өтті.

Өз кезегінде Х. Аван өзі басқаратын компанияның қызметі туралы сөз қозғады. Оның көлік-логистика индустриясындағы озық тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанмен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар табысты екіжақты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале