Warning: session_start(): open(/tmp/sess_kd28ibejs0o55dr1au4koof3qi, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторы пайда болмауы мүмкін - официальные новости ЗКО
30.01.2025, 16:15
Просмотры: 250

Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторы пайда болмауы мүмкін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда жаңа, төртінші ұялы байланыс операторының пайда болу ықтималдығы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cell phone sim card and sim card tray.

Сурет: istockphoto.com

Оның айтуынша, реттеушінің нақты жоспары жоқ.

«Мен мұндай мүмкіндіктің болуы ықтималдығы туралы ғана айтып бердім. Бірақ реттеуші бүгінде төртінші ұялы байланыс операторын нарыққа шығаруды жоспарлап отырған жоқ», - деді А.Оразбек Сенатта өткен брифингте.

Вице-министр бұл ұстанымын да түсіндірді.

«Егер бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған үш оператор нарықта жеткілікті дәрежеде тиімді бәсекелесетін болса, онда біз қосымша бәсекелестікті арттыру қажеттігін көріп отырған жоқпыз», - деп толықтырды ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале