Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1f1k5ftk6r89d4o72jsk3kn0np, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - «Қазгидромет» күн болжамын жариялады: күн салқындай ма? - официальные новости ЗКО
18.09.2025, 10:15
Просмотры: 214

«Қазгидромет» күн болжамын жариялады: күн салқындай ма?

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер республика аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, 18-19 қыркүйекте республиканың солтүстік-шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, күшті жел, бұршақ күтіледі.

жп дождь фото Динара Насыр (1)

Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Ауа температурасы: батыста түнгі температура 5-13°-тан 10-18° дейін көтеріледі, күндіз 22-28°-тан 18-23° дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 1-10° жылы, аймақтың батысы мен солтүстігінде 2° үсік күтіледі, күндіз 18-25° жылы. Солтүстікте түнде 2-10° жылы, батыс пен солтүстік аймақтарда 2° үсік, күндіз 14-20°-дан 17-23° жылыға көтеріледі. Орталықта түнде 5-11° жылыдан 0-8° дейін төмендейді, батыс пен солтүстік аймақтарда 2° үсік, күндіз 10-18°-дан 15-25° дейін көтеріледі. Шығыста түнде 2-13° жылы, күндіз 15-23°-тан 10-18° дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде 7-15° жылы, күндіз 20-28° жылы, оңтүстік-шығыста түнде 8-14° жылы, күндіз 15-25° жылы.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале