Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1etqqd4ea77g3dbjknoktn1ocj, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Неліктен бәрі қымбаттап жатыр? – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді - официальные новости ЗКО
22.10.2025, 16:00
Просмотры: 89

Неліктен бәрі қымбаттап жатыр? – Ұлттық банк төрағасы түсіндірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжілістің отырысында елдегі инфляцияның жоғарылауын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

жп акша Әлішер Уалитханов (1)

Айтуынша, сыртқы сын-қатерге қарамастан Қазақстанның экономикасы тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 6,3%-ға ұлғайды. Ең жоғары өсім көлік саласында, құрылыста, тау-кен өнеркәсібінде, саудада және өңдеу өнеркәсібінде байқалуда.

- Отандық тауарлар мен қызметтердің ұсынысы сұраныстың өсуін қамтамасыз ете алмай жатыр. Бұл – инфляциялық жағдай туғызады және импортқа сұранысты арттырады. Осылайша, қыркүйекте жалпы жылдық инфляция 12,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 12,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 10,8%-ға, ақылы қызметтер 15,3%-ға артты. Айлық инфляция мен оның тұрақты бөлігі де жеделдеді. Ал халықтың инфляциялық күтулері жоғары және құбылмалы болып қалуда, - деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы.

Осылайша, баға қысымының күшеюі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасқан.

- Ішкі факторларға ішкі сұраныстың артуы, белсенді тұтынушылық кредиттеу, коммуналдық қызметтерге тарифтердің және жанар-жағармай бағасының өсуі жатады. Сыртқы факторларға азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі, көршілес Ресейдегі жоғары инфляция мен рубльдің нығаюы, сондай-ақ әлемдегі сауда шектеулерінен туындаған белгісіздік жатады. Осы факторлар аясында инфляция қаңтардағы 8,6%-дан қыркүйекте 12,9%-ға дейін өсті, - деді Тимур Сүлейменов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале