Warning: session_start(): open(/tmp/sess_tqa3ir9jhpehduj9gun1vata1e, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары көктемгі су тасқынына қарсы жұмыс жүргізуде - официальные новости ЗКО
12.03.2025, 12:30
Просмотры: 254

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары көктемгі су тасқынына қарсы жұмыс жүргізуде

Орал қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Ұлттық ұлан сарбаздары арықтарды тазалау жұмыстарын бастап кетті. Бұл игі іске күн сайын Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің 100-ге жуық сарбазы атсалысуда.

WhatsApp Image 2025-03-12 at 13.05.23

Әскерилер қаланың негізгі көшелеріндегі арықтарды тазалап, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге көмектесуде. Бұл іс-шара көктемгі жауын-шашын мен қардың еруі кезінде су басу қаупін азайтуға бағытталған.

WhatsApp Image 2025-03-12 at 13.05.24

Қала әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі көктемгі су тасқынының алдын алу үшін кешенді шаралар жүргізуде. Мамандардың айтуынша, алдын ала жасалған дайындық жұмыстары су басу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Бұл шара көктемгі табиғи құбылыстарға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале