Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1etqqd4ea77g3dbjknoktn1ocj, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Соңғы үш жылда Қазақстанда 622 мектеп және 633 емхана салынды - официальные новости ЗКО
23.12.2025, 17:15
Просмотры: 61

Соңғы үш жылда Қазақстанда 622 мектеп және 633 емхана салынды

Қазақстан халқының саны жыл сайын шамамен 250 мың адамға артып келеді, өсім орташа есеппен – 1,2%. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

жп 53 мектеп (8)

Ол жыл сайын 350 мың бала өмірге келетінін, кейбір жылдары 400 мыңға дейін бала туылатынын атап өтті. Бұл мектеп, балабақша, емхана салуды, педагогтер, дәрігерлер штатын ұлғайтуды қажет етеді. Сонымен бірге мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығындары да өсуде.

ЖП медицина
«Жыл сайынғы қажеттілік шамамен 145 мектеп пен 100 емхананы құрайды. Соңғы үш жылда біз 622 мектеп, жылына орта есеппен 207 мектеп және 633 емхана, жылына орта есеппен 211 емхана салдық», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале