Warning: session_start(): open(/tmp/sess_n8phpuroqmqdhbklm5cfj2arh5, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Тоқаев елшілер арасында ауыс-түйіс жасады - официальные новости ЗКО
15.11.2024, 15:57
Просмотры: 220

Тоқаев елшілер арасында ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

акорда

Мемлекет басшысының жарлығы  бойынша:

Тимур Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Алмұрат Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Жанна Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Әнуарбек Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.

Қайрат Саржанов Қазақстан Республикасының Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале