Warning: session_start(): open(/tmp/sess_jehafvgriilg5crvp2aj5i2rtt, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Үй тапсырмасын қанша сағат орындаған жөн? Ата-аналарға кеңес - официальные новости ЗКО
12.09.2025, 17:30
Просмотры: 188

Үй тапсырмасын қанша сағат орындаған жөн? Ата-аналарға кеңес

Оқу жылы басталғанда балаларға бірден күнделікті режим қалыптастыру оңай болмайтыны анық. Осы орайда министрлік ата-аналарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Sad tired frustrated boy sitting at the table with many books and holding help sign. Learning difficulties, education concept.

Сурет: istockphoto.com

Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі пайдалы әдеттер қалыптасуына ықпал етеді, жүйке жүйесін нығайтады және шаршау деңгейін төмендетеді. Режимнің негізгі компоненттері:

  • үй тапсырмаларын орындау;
  • белсенді ойындар және міндетті түрде таза ауада демалу;
  • дұрыс тамақтану;
  • жас ерекшелігіне сәйкес толық ұйқы;
  • қызығушылығы бойынша бос уақыт.

Үй тапсырмасын қанша сағат орындаған жөн? 

  • Кіші сыныптар үшін (1-4-сыныптар) үй тапсырмасын орындауға 1,5-2 сағаттан артық емес;
  • 3-4-сынып оқушылары үшін 2 сағатқа дейін;
  • Жоғары сынып оқушыларына әр 40 минут сайын міндетті үзіліс жасай отырып, күніне 3-4 сағатқа дейін.

Тамақтану бойынша

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, бала күніне 4-5 рет 3,5-4 сағаттан аспайтын аралықпен тамақтануы керек.

Бос уақыт бойынша

"Шығармашылық және хобби үшін күніне кемінде 1-2 сағат берілуі керек", - деп кеңес берді мамандар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале