Warning: session_start(): open(/tmp/sess_sfbv96n2lfmfj5hnoebfvaj5ku, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы талқыланған халықаралық конференция өтті - официальные новости ЗКО
17.10.2024, 9:45
Просмотры: 285

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы талқыланған халықаралық конференция өтті

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық онлайн конференция өткізді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_8844

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің тарихшы ғалымдары, қазақстандық археологтар, өлкетанушылар, тарихшылар және мұғалімдер қатысты.

IMG_8846

Конференцияда Ұлы Жібек жолының бейбітшілік, келісім, тұрақтылық пен халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы орны мен рөлі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы мен насихатталуы талқыланды.

Сондай-ақ іс-шара барысында музей-қорық қызметкерлері «Тараздың жауһар жәдігерлері» атты көрме ұйымдастырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале