Warning: session_start(): open(/tmp/sess_3h6hu69m5nsths7emb4q0v8tge, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Ұзақ жасауға сеп болатын әдеттер аталды - официальные новости ЗКО
24.04.2025, 9:45
Просмотры: 202

Ұзақ жасауға сеп болатын әдеттер аталды

Дәрігер Гэри Смолл ұзақ өмір сүруге көмектесетін күнделікті әдеттерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: istockphoto.com

Маманның сөзінше , ұзақ өмір сүрудің құпияларының бірі - өмірге деген жеңіл көзқарас.

"Мұндай жандардың психикалық және физикалық жай-күйі басқаларға қарағанда әлдеқайда жақсы болады. Оған қоса үнемі жайдары жүрсеңіз, иммун жүйесі де күшейеді, яғни ағза әртүрлі инфекциямен тиімді күресе алады", - деген маманның сөзін lenta.ru басылымы келтірді.

Сонымен қатар физикалық белсенділікпен айналысу керек, өйткені ол қан айналымын жақсартады, эндорфин деңгейін жоғарылатады және жүрек-тамыр жүйесін нығайтады.

Маман рационды қайта қарауға шақырды: жемістер мен көкөністерді қосып, қант пен ультра өңделген тағамдарды алып тастаған жөн.

Сөз аяғында сарапшы үнемі медициналық тексерістен өтуге және күйзелістен аулақ болуға кеңес берді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале