Warning: session_start(): open(/tmp/sess_6mtmvqhn6gtd38751qus97v4n9, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Қазталовтықтар Ата Заңның қоғамдағы рөлін талқылады - официальные новости ЗКО
4.07.2026, 9:00
Просмотры: 15

Қазталовтықтар Ата Заңның қоғамдағы рөлін талқылады

Аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – тәуелсіздіктің тұғыры, болашақтың бағдары» атты кездесу кеші өтті.

image-03-07-26-10-43

Басқосудың мақсаты — Ата Заңның маңызын насихаттау, тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жастардың ел заңына деген құрметін арттыру. Кездесуге аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, мекеме басшылары мен белсенді жастар қатысты.

Жиналғандар Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ «Ашық микрофон» алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттырудың өзекті мәселелерін талқылады. Шара соңында қатысушылар Конституцияның ел бірлігі мен әділетті қоғам құру жолындағы маңызы зор екенін атап өтті.

Жайна Қабиболла,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале