8.04.2024, 0:35
Просмотры: 51

Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров БҚО-дағы су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

2024 жылдың 7 сәуірінде вице-премьер Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысындағы су басқан және су басу қаупі бар аумақтарға, сондай-ақ Орал қаласы маңындағы саяжайларға барды.

IMG-20240408-WA0010

Вице-премьер өңірдегі негізгі су арнасы – Жайық өзенінде су тасқынының алдын алу жұмыстарының барысымен танысты. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағасы құм салынған қаптармен нығайтылып, ауыр техникалар жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, Ресейдің Батыс Қазақстан облысына жақын орналасқан Саратов және Орынбор облыстарындағы су қоймаларынан үлкен су келіп жатыр. Атап айтқанда, Саратов облысындағы Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 300 текше метр су келіп жатыр. Сондай-ақ Орынбордағы Ирикла су қоймасынан секундына 2 мың текше метрге жуық су жіберілуде. Бұл су жақын арада Жайық өзені арқылы өтіп, әрі қарай Каспий теңізіне құйылады. Осыған байланысты Жайық өзеніндегі су деңгейі қалаға қауіп төндіретін деңгейге жетуі мүмкін.

IMG-20240408-WA0014

Сонымен қатар Теректі ауданындағы Ұзынкөл су қоймасы тексерілді. Мұндағы жағдай қалыпты, су деңгейі төмендеп келеді.

«Мамандар жағдайды үнемі бақылауда ұстауы керек. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі», — деді Премьер-Министрдің орынбасары.

БҚО-дағы 5 ауданда және Орал қаласында су тасқыны салдарынан тұрғын үйлер мен саяжайларды су басты. Облыс бойынша 7 мыңға жуық адам құтқарылды.

Эвакуациялық пункттерде барлық қажетті жағдай қамтамасыз етілген, су тасқынынан зардап шеккендерге мыңдаған ерікті көмек көрсетуде. Халыққа азық-түлік пен дәрі-дәрмек, киім-кешек тасымалы, сондай-ақ кезекшілік ұйымдастырылған. Оқушылар онлайн-форматта оқуын жалғастыруда.

IMG-20240408-WA0008

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале