5.08.2016, 17:42
Оқылды: 44

Қалалық Жастар мәдениет үйінде еңбек жәрмеңкесі өтті

жәрмеңке

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5 тамыз күні Орал қаласында Жастар мәдениет үйі ғимаратында барлық сала бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.


Сонымен қатар облыс аудандарынан "Дипломмен - ауылға" бағдарламасы бойынша 500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге барлығы 500-ге жуық жұмыс іздеуші жастар қатысты.

Оралдан қалалық білім беру бөлімі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, "Газокотломонтаж" ЖШС, Батыс Қазақстан машина жасау кəсіпорны, "Аққайнар" АҚ, "Гелиос" ЖШС, "KazConstructionGroup" ЖШС т.б. қатысты.

Айта кету керек, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос орындар жəрмеңкесі осымен алтыншы мəрте өткізіліп отыр.

Данияр Уәлиахмет
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале