2.07.2018, 16:14
Оқылды: 72

Ақын Ғайсағали Сейтақты асқаралы жасымен құттықтады  

IMG_0879Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингінің мәжіліс залында өткен салтанатты жиында әріптестері ұжым басшысының орынбасары, белгілі қаламгер, танымал журналист, ақын, “Қазақпарат” халықаралық агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілші Ғайсағали Сейтақты асқаралы 60 жасқа толуымен құттықтады.


-Мерейлі жасыңыз құтты болсын! Әр адам өзінің айтулы белесіне келгенде, есеп беріп отырады. Облыстық басылымда отыз жылдан астам еңбек еткен Сіз өзіңіздің 60 жасыңызға зор абыроймен, айтулы жетістіктеріңізбен, ауыз толтырып айтар толайым істеріңізбен, ізіңізді басқан белгілі шәкірттеріңізбен, салауатты өмір салтын насихаттайтын сергектіңізбен жеттіңіз. “Маңдай”, “Аман бол, атамекенім!”, “Нарынның нар ұлдары”, “Ай-арудың алқасы”, “Тек пен тамыр”, «Жақыным менің – жалпақ ел» атты жыр жинақтарыңызды Сіздің тынымсыз еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Артыңыздан ілескен жастардың Сізден үйренері мол. Әсіресе, туып-өскен жеріңіз – Нарын құмына, қасиетті өлеңге деген адалдығыңызды, қандай жағдайда да қалпыңыздан айнымайтын сабырлы мінезіңізді, қоғамдағы өзгерістерге үн қосатын азаматтық ұстанымыңызды олар әрдайым үлгі тұтады. Әрқашан абырой биігінен табыла беріңіз! Сізге мықты денсаулық, шалқар шабыт және отбасы бақытын тілейміз. Оқырмандарыңызды жақсы жырларыңызбен қуанта беріңіз, - деген медиахолдинг басшысы Жантас Сафуллин мерейжас иесіне құттықтау хат пен сый-сыяпат табыс етіп, ерекше құрмет көрсетті.

Шарада өзге де әріптестері Ғайсағали Самиғоллаұлына деген ізгі тілектерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, таяуда аталып өткен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Ғайсағали Сейтақ Ғұмар Қараш атындағы төсбелгімен марапатталған болатын.

Айгүл Ахметова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале