30.04.2020, 0:00
Оқылды: 354

БҚМУ-да онлайн түрде Жеңістің 75 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Ұлы Отан соғысы: тарих ғылымындағы тәжірибе мен жаңаша пайымдау" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

IMG-20200421-WA0075

Конференцияны дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мен Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы бірлесе ұйымдастырды.

Конференция жұмысына университеттің профессорлық - оқытушылық құрамы, қоғам өкілдері, Қазақстан мен Ресей Федерациясының түрлі қалалары мен ЖОО-ларынан ғалымдар қатысты. М. Өтемісов атындағы БҚМУ Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т. М. Даришева кіріспе сөз сөйледі. Конференцияны дүние жүзі тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. А.Ш.Журасова жүргізді.

Конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ. д. Смагулова С.О. /»ҰОС жылдарындағы қазақ тіліндегі әскери мерзімді баспасөздің деректік маңызы»/,Поволжск мемлекеттік Сервис университетінің "профессоры, т.ғ. д. Дубовиков А. М. /»Ұлы Отан соғысындағы «қызыл» мен «қоңыр» казактар»/, Астрахань мемлекеттік университетінің доценттері, т. ғ. к. Воронова А. А./ «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Астраханьдағы жоғары білім мәселелері» / және т.ғ.к. . О. В. Лихолет /«Волгадағы шайқас кезіндегі Астрахань диверсиялық-барлау мектебі (1942 жылдың жазы - 1943 жылдың көктемі)/, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен т. ғ.к. Н.Аликулова //Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақтөбе облысының әскери құрылымдары: жеңіске қосқан үлесі"/, М. Өтемісов атындағы БҚМУ университетінің доценті, т.ғ. к. Боранбаева Б. С. /«Қиыр Шығыс майданындағы қазақ қыздарының батырлық ерлігі» (Орал облысы мысалында), тарих магистрі, "Ғылыми зерттеулерге қолдау беру қоры" жеке қорының директоры А. Ш. Курумбаев/"БҚО Бөкей ордасы ауданы аумағында Ұлы Отан соғысы кезіндегі бауырлас зираттар"/, «Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» КММ инспекторы А.К.Батырханов \»Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жәнібек ауданы» тақырыптарында баяндамалар жасап, пікірлер тыңдалды.

Конференция 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихымен байланысты түрлі мәселелерді талқылауға арналған ғылыми алаң болды.

Конференцияға қатысушылар Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеуге ғылыми көзқарасты қамтамасыз ету мен жан-жақты патриоттық жұмыстарды жүргізу қажеттілігін түсіну және өскелең ұрпақтың бойында республиканың соғысқа қосқан елеулі үлесі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру негізіндегі бағыттарда одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар жасады.

Рита Сұлтанғалиева,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале