28.03.2018, 15:16
Оқылды: 24

Оралда басына мұз кесегі құлаған ер адам мерт болды

123Қайғылы оқиға бүгін, сағат 12-лерде Киров аялдамасы ауданында болған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы хабарлады.

-Ғұмар Қараш көшесі бойында орта жастағы ер адамның басына мұз кесегі құлаған. Сол ауданда өтіп бара жатқан жедел жәрдем жасағы 2 минут ішінде оқиға орнына жетті. Алайда, өкінішке орай, қала тұрғыны көз жұмған екен, - дейді басқарма басшысы Қ.Төсекбаев.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале