14.05.2024, 10:30
Оқылды: 11

Аудандық турнир өтті

Жаңақала аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жерлес еңбек ардагері Тілекқабыл Бижанұлын еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті. 

5d7b7983-9735-4223-a73d-ba2d18e4597c

Тартысты жарыста 11 округтің спортшылары бақтарын сынады.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімнің орынбасары Руслан Ғұмар, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінін басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы, ардагер спортшы Марат Паритұлы, аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Ахметұлы, «Жастар» спорт клубынын директоры Жанболат Гумаров және Тілекқабыл Бижанұлының ұрпақтары төбе көрсетті.

a3497489-7c77-438a-b3e0-24f34af36a67

Бір күнге созылған дода  қорытындысында 23 келі салмақ дәрежесінде белдескен палуан Мақаш Төреәлі (Айдархан ауылы) бас жүлдені ұтып алып, тай мінді. Сонымен қатар турнирде үздік танылған барша споршыға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

703c1f25-0b22-4a39-abfa-a8427150bf18

Әрі қарай Тілекқабыл Бижанұлының немересі, белбеу күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Жалғас Әділсейтұлының бапкерлері Замир Батыров, Ернар Ғұбайдуллин, Марат Паритұлы алғысхаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

 

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале