14.05.2024, 19:00
Оқылды: 15

Жаңақалада кезекті сессия отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мәслихат төрағасы Қамбар Қаменовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың ХVІІ кезектен тыс сессия отырысы өтті. Сессия жұмысына аудан басшысы Алпамыс Көшкінбаев, 10 аудандық мәслихат депутаты, округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты.

IMG_2073

Күн тәртібінде аудан бойынша атқарылуы тиіс 15 мәселе қаралды. Жаңақала ауданының 2023 жылғы аудандық бюджетінің орындалуы жөніндегі жылдық есебін бекіту туралы Алпамыс Жаңабайұлы сөз алса, облысымыз бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы Жаңақала ауданының бюджетінің орындалуы жөнінде БҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Хамидуллин баяндады. Ауданымызға қарасты Жаңақала, Қызылоба, Бірлік, Пятимар, Қырқопа, Көпжасар, Мәстексай, Жаңажол, Жаңақазан округтерінің бюджеттерінің атқарылған есебін ауыл әкімдері хабарлады.

IMG_2075

Өңіріміздің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларын бекіту мен аудан әкімдігінің дербес құрамын бекіту жөнінде баяндамасымен аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Надежда Тасмағамбетова таныстырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Дәурен Жарасов ауданымыздағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы хабарлады. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №13-3 «2024-2026 жылдарға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы м.у.а Сержан Тұрдалиев баяндап: - Ауданымыз бойынша халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алу 26885,0 теңгеге, ауданның бюджетіне тұрғын үй сатып алуға несие беруге 774 859,0 мың теңгеге көбейтілді.

IMG_2077

Сондай-ақ 2024 жылы үнемделген қаражат есебінен «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша аудан орталығына бөлінген 60, ауылдық округтердегі 40, барлығы 100 сарбазға - 9 600,0 мың теңге, аукционға шығарылатын жер учаскелерінің жобаларымен бағалау жұмыстарына – 1 142,0 мың теңге, аудандық жастарды жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға арттыруға – 4 567,0 мың теңге, аутокөлік жүргізушісіне – 676,0 мың теңге, аудандық «Жастар» спорт клубы қызметкерлерінің жалақысы мен міндетті төлемдеріне – 14251,0 мың теңге, ауылішілік шұңқырларды жөндеу мен ақ жолақтар сызуға 6846,0 мың теңге, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 1 бірлік кіші қызметкерге еңбекақы мен әлеуметтік төлемдеріне – 908,0 мың теңге бөлінуін ұсынды. Шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале