14.05.2024, 16:00
Оқылды: 15

Кезекті сессияда қандай мәселе қаралды?

Казталов аудандық мәслихатының  кезекті XVII сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев төрағалық етсе, сессия жұмысына аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат депутаттары, салалық бөлім басшылары және округ әкімдері онлайн режимде қатысты.

IMG20240514144143

Кезекті сессияның күн тәртібінде аудандық және ауылдық округ бюджеттерін атқару туралы жылдық есептерін бекіту туралы және Казталов ауданының 2023 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдіктерінің хабарламасы және Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының жергілікті атқарушы органының есебіне қорытындысы туралы аудандық экономика және бюджет бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова хабарлама жасады.

IMG20240514144147

Казталов аудандық мәслихатының «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының қосымша хабарламасын комиссия төрағасы Абылайхан Шакуов жасап, бекітуді ұсынды.

Күн тәртібіндегі «Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің Казталов мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнының» қаржылық-шаруашылық жұмысын тексеріп, ішкі аудит жүргізу туралы коммуналдық кәсіпорынның директоры Сергей Тоқпанов ұсыныс берді.

IMG20240514144002

Келесі аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы №28-1 «Аудандағы округтік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» және 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-17 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Қадер Нұрғалиев баяндаса, Казталов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Жақсыбаева мәлім етті.

Сонымен бірге сессияда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Айзат Меңдібай хабарласа, Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жадыра Болатқызы түсінік берді.

Сессияның күн тәтібінде көтерілген мәселелер бойынша депутаттар сұрақтарын қойып, шешім жобасы бойынша дауыс берді.

Сессия соңында сөз алған аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы облыстық, аудандық бюджет есебінен атқарылатын жұмыс туралы айтып берді.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале