11.08.2018, 15:46
Оқылды: 47

Оралда Құрылысшылар күні аталып өтті

Screenshot_2018-08-11-15-39-38-1Құрылысшылар күні Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында салтанатты жиналыс өтті. Оған облыс əкімінің орынбасары Игорь Стексов және еңбек ардагерлері, құрылыс компанияларының ұжымдары қатысты.


Жиында облыс əкімінің орынбасары Игорь Стексов құрылысшыларды кəсіби мерекемен құттықтап, өңірдегі үй, ауыз су, автожол құрылысының қарқыны жөнінде баяндады.
IMG-20180811-WA0058Кейін Орал қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Хамза Сафин сөйледі.
Мерекелік жиында "СанаМаркет" ЖШС-ның техникалық қадағалау бойынша сарапшысы Амет Жакудаев, "ЖайықСтройИнжиринг" ЖШС директорының орынбасары Дүйсен Кенжалиев, "Жиенбай" ЖШС-ның бас инженері Боранбай Мерғалиев, "Уральскводстрой" АҚ-ның бас механигі Николай Мясников, "ГазПромПроект" ЖШС-ның жетекші инженері Ольга Шаталова, "Асфа" ЖШС-ның бас инженері Валерий Сакович "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" төсбелгісімен марапатталды.
IMG-20180811-WA0056"Альтаир" ЖШС-ның аға прорабы Анатолий Маринин, "ГазПромПоект" ЖШС-ның жетекші инженері Ольга Селкина, "УралВодПроект" ЖШС-ның жоба бойынша бас инженері Ирина Шидаева, "СанаМаркет" ЖШС-ның техқадағадау бойынша сарапшысы Бүркіт Құспанов, облыстық жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Есенғалиевке ҚР Инвестиция жəне даму министрінің, "Адал арна" ЖШС-ның директоры Жандаулет Нұрлыбаевқа аталған министрліктің автомобиль жолдары комитеті төрағасының Құрмет грамотасы табысталды.
IMG-20180811-WA0057Одан кейін өңірлік кəсіби шеберлік байқауының 13 аталымы иегерлеріне диплом берілді. Бір топ құрылысшы облыс əкімінің алғысхатымен марапатталды.
Салтанатты жиналыстан кейін шағын концерт берілді.
Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале