4.11.2019, 17:04
Оқылды: 300

Оралда студенттер арасында «ABAIquest» ойыны өтті

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың филология факультетінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «ABAIquest» университетішілік ойыны өтті. Ойынға алты студенттен құрылған «Болашақ», «Жас қыран», «Жібек», «Комета», «Білгірлер», «Самғау» атты 6 команда қатынасты.

WhatsApp Image 2019-11-01 at 20.26.50

Абай өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, талапты, талантты жастарды табуды мақсат еткен ойынға қатысушыларға жол картасы берілді. Карта бойынша командалар төмендегідей тапсырмаларды орындады: бірінші бекетте Абайдың ән өлеңдерін орындаса, екінші бекетте Абайдың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу болды. Үшінші бекетте Абайдың шығармашылығы мен жас ұрпаққа қалған бай мұрасынан сұрақтар қойылса, төртінші бекетте Абайдың өмірі мен Абайды зерттеу еңбектері бойынша сұрақтар қойылды. Бесінші бекетте Орал қаласындағы Абай алаңында орналасқан Абай ескерткішіне барып фотоға түсті.

WhatsApp Image 2019-11-01 at 20.26.52 (1)

Ойынға қатысушылардың жұмысын бағалаған қазылар алқасының шешімімен 1-орынды мәдениет және өнер факультетінің құрылған «Жібек» командасы, 2-орынды филология факультетінен құрылған «Самғау» командасы, ал 3-орынды жаратылыстану-география факультетінен құрылған «Комета» командасы иеленді. Ойын жеңімпаздары арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аяжан Қуанышева,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың

филология факультетінің 3-курс студенті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале