16.04.2020, 10:09
Оқылды: 16

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың жаңа 36 дерегі тіркелді

 Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 36 адам тiркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 1331-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

90374CF2-986D-4585-B8A4-BC91D3B5CA08

"16 сәуірдің таңғы 10:10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 36 адам тiркелді, Қызылорда облысында - 4 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Батыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы қаласында - 13 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Қарағанды облысында - 2 адам", - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 302 адам, Алматы қаласында – 393 адам, Қарағанды облысында - 84 адам, Ақмола облысында - 80 адам, Атырау облысында - 70 адам, Жамбыл облысында - 49 адам, Шымкент қаласында - 43 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 13 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 131 адам, Батыс Қазақстан облысында - 25 адам, Түркістан облысында - 49 адам, Қостанай облысында - 5 адам, жалпы 1331 науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, 15 сәуірде елімізде COVID-19-дан тағы екі адам қайтыс болды. Олардың бірі 1945 жылғы Қостанай облысының тұрғыны мен 1954 жылғы Түркістан облысының тұрғыны.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале