16.04.2020, 10:56
Оқылды: 82

Талапты бұзғандар жауапқа тартылады

Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың 2020 жылғы 30 наурыздағы №5 ПГВр «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне байланысты, елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде кешкі уақытта көшеде бейсауыт жүруге тыйым салынған.

5300C633-540C-4D91-ACBE-8D33367F3096

 Жәнібек ауданы Қамысты ауылының тұрғындары, сегіз адамға ҚР ӘҚБтК-тің 476-бабына сай әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық соттың қаулысымен олар он тәулік әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімі аудан тұрғындары кешкі мезгілмен қоса қаулыға сәйкес күндізгі уақытта да тәртіпті бұзса, жауапқа тартылатынын ескертеді. Карантиндік режімнің сақталуын қадағалау бағытында шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале