16.04.2020, 18:00
Оқылды: 28

  20 отбасыға қолдау көрсетті

    Тұңғыш кәсіпқой кездесуінен-ақ чемпион атанған жерлесіміз, сырымдық  «Muharib Top Team» клубының мүшесі Марат Шерғалиев пен жастар арасында «Самая вышка» әнімен танылған қос әншінің бірі Артур Давлетьяров бастаған бір топ еріктілер жымпитылық 20 отбасыға азық-түлік апарып, қолдау көрсетті.

278C3A3F-6557-492F-8D34-F89D25B0C0A4

«Біріңді қазақ, бірің дос

Көрмесең істің бәрі бос» демекші, ел басына күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, облысымыздың спортшылары, медиажұлдыздары, кәсіпкерлер, әлеуметтік желілер арқылы қаржылай көмек көрсеткен қарапайым бұқара, еріктілердің де көмегімен 1 күнде 1 млн.-нан астам қаржы жинап, көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасыларға, соғыс ардагерлеріне, зейнеткерлерге, көмекке мұқтаж адамдарға мүмкіндігінше көмектесуде.

51DDE586-59A5-495D-9C9B-B09A29833EF3

     Сырым ауданынан бөлек, барлығы 10 шақты қалаға жақын ықшам аудандар мен шалғай ауылдардағы отбасыларға азық-түлік апарған.

Бұл еріктілердің қарапайымдылығы сонша, «оң қолың бергенді, сол қолың білмесін» дегендей, өздерін халыққа таныстырып, жақсылықтарын бұлдамай, үй иелеріне «волонтер едік» деді.

М.Шерғалиевтің айтуынша, алдағы уақытта азық-түліктен бөлек дәрі-дәрмек пен басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ету жоспарда бар екен.

3BC8E6DD-0332-4C17-B5F3-DF505944B1AC

Әрине, жақсылықты үлгі ету мен өзгелерге хайырлы іс жасауды насихаттау жақсы дүние екенін естен шығармағанымыз жөн.

Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале