18.04.2020, 11:57
Оқылды: 38

БҚО-да COVID-19 анықталғандар саны 39-ға жетті

Соңғы күнде БҚО-да 9 адамнан анықталып отыр. Оның 8-і Тасқала бақылау бекетінде тіркелген. Барлығы сыртта жұмыс жасап жүрген облыс азаматтары.

3ffd9a4f-3bb9-41b5-bbeb-fb7261fa9443

Бүгінде ауру жұқтырғандардың көбі дәлірек айтсақ, 32 азамат сырттан сырқат болып келгендер. Олардың барлығы Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейді. Тағы бір айта кететін жайт, көрші елден ауырып келген адамдардан ауру симптомдары білінбейді екен. Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген онлайн-брифингте мәлімдеді.

- Індет жұқтырған жерлестеріміздің көбі Тасқала ауданындағы автобақылау бекетінен өтіп жатыр. Сырттан келген азаматтарымыз бекеттерде дене қызуын өлшеу, анкета толтыру сияқты қажетті шараларды жасаған соң, стационарларға жатқызылады. Карантиндік режімге жіберген азаматтар лабороториялық зерттеулердің қорытындысын күтеді. Егер ауру бар екені анықталса, олар инфекциялық ауруханаға жолданады,-деді М.Арыспаев

Сондай-ақ Мұхамғали Қайыржанұлы Тасқала ауылында қосымша карантиндік стационар және провизорлық гопиталь ашылып жатқанын мәлімдеді. Енді шекарадан өтетін адамдар аталған стационар мен госпитальге жатқызылады. Карантиндік стационарға қызуы жоқ адамдар жатқызылса, қызуы көтерілген адамдар провизорлық госпитальге жатқызылмақ.

Түгелбай Бисен
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале