Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Біз біргеміз» бастамасын қолдап, қазіргі күнгі еліміздегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты сырымдық "Жетікөл жастары" ұйымы жақсылыққа ұйытқы болды.
Жастар ұйымымен WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жарияланған жеке шотқа 500 тг мен 5000 тг аралығында барлығы 91000 тг жиналған болатын. Аға-апаларымыз, бауырларымыз, қолы ашық, жомарт жандар ''бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" жастардың ісіне қолдау, демеу көрсетіп, өз үлестерін қосты.
Жиналған ақшаға азық-түлік, тұрмыстық заттар алынып, мұқтаж 7 отбасыға жәрдем көрсетілді.
Осы бір жарасымды үрдіс, игі іс әрі қарай да өз жалғасын табады деп сенеміз.
Гаухар Құлсарықызы
Жетікөл жастар ұйымынын төрайымы