Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, науқастардың бірі - Орал қаласының тұрғыны, осыған дейін коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін үй карантинінде жатқан.
Қалған 16 жағдайда коронавирус жұқпасын сырттан жұқтырып әкелген. Олардың 14-і Саратов облысымен шекарадағы "Тасқала" автоөткелінде, екеуі Самара облысымен шекарадағы "Сырым" автоөткелінде анықталды.
Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жұқтырған адамдар болған орындар дезинфекцияланды. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
zhaikpress.kz