Құрметті мұсылман қауымы!
Қадірменді ағайын!
Сіздерді әлемнің барша мұсылмандары асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Кез келген исі мұсылман үшін, Рамазан айының оразасын көпшілікпен бірге өткізудің маңыздылығының жоғары екендігін жақсы түсінеміз. Дегенмен де, осынау қысыл-таяң кезеңде сабырлық танытып, қоғамның мүддесі үшін қатерлі індеттің алдын алуға бағытталған сақтық шараларына түсіністікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Ислам діні ауызбіршілікке, өзара сыйластық пен татулыққа, бірлікке және қамқорлыққа шақыратын дін. Сондықтан құрметті ағайын, ауызбіршілігіміз бен сабырлығымыз сыналған сәтте бір-бірімізге қолдау білдіріп, үлкендерімізді қамқорлығымызға алып, даналарымыздың «Көппен көтерген жүк жеңіл» деп айтқан қанатты сөзінің астына жиылып, басымызға төнеген қиыншылықпен бірге күресуге шақырамыз!
Осынау сындарлы сәтте, пандемияға қарсы шаралардың ойдағыдай жүзеге асуы, ең алдымен, әрбiрiмiздiң жауапкершілігімізге, жанашырлығымызға, өзара түсіністік пен ынтымағымызға және парасаттылығымызға тікелей байланысты.
Баршамыздың арман-аңсарымыз – дені сау, ынтымағы берік, пейілі кең, дамыған қоғамда өмір сүру! Ендеше қасиетті Рамазан айында Құдайдан халқымыздың амандығы үшін тілеген тілектеріңіз қабыл болсын!
zhaikpress.kz