27.04.2020, 18:49
Оқылды: 47

«Nur Otan» партиясының БҚО филиалы әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін арнайы тікелей эфир ұйымдастырды. Партия филиалының фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты азаматтарға мемлекет және облыстық әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен партияның «Біз біргеміз!» акциясы туралы толыққанды ақпарат берілді.
Тікелей эфирді 500-ден астам адам көріп, тұрғындар тарапынан 340 астам сұрақ жолданды. Бұл жайлы «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

da65687d-ff1f-4dfd-a87b-baac459eeaa4

Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, басып көпшілігіне нақты жауап берілді. Әсіресе, 42500 теңгені алу, әлеуметтік көмектерге қатысты сұрақтар көп болды. Сонымен қатар «Birgemiz» қоғамдық қорынан берілетін 50 мың теңге көлеміндегі бір жолғы материалдық көмекке байланысты сұрақтарда көптеп қойылды. Тікелей барысында блок посттан өту мәселесін көтергендер де болды.

Тікелей эфир барысында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев қойылған әр сауалға нақты жауаптар беріп, кейбір маңызды сұрақтарды өзінің жеке бақылауына алды.

Сұрақтардың басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін әлуеметтік көмектер, 42500 жәрдемақысы және коммуналдық төлем ақыға берілетін 15 000 теңге, «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы азық-түлік және 50 мың теңге материалдық көмектері туралы болды.

ad200b04-55e3-451b-9958-b57beec354be

Жалпы «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы Батыс Қазақстан облысы бойынша 3325 отбасыға азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Бұл ретте өңірдің кәсіпкерлері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, «жасотандықтар» және партия өкілдері айрықша белсенділік таныты.

Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы бірінші транш арқылы Орал қаласының 5440 тұрғыны 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты партияның облыстық және аумақтық филиалдары тұрғындардың арыз шағымдарын онлайн қабылдауда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале