28.04.2020, 14:32
Оқылды: 48

БҚО: мешіттерде онлайн дәрістер өтуде

Биылғы Рамазан айы бұрынғыдан өзгерек. Баршамызға белгілі елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барша жамағат үшін мешіттердің есігі жабылды. Алла үйінің есігі уақытша жабылғанмен, мешіттердің имамдары мен ұстаздары жамағатқа уағыз-дәрістерін онлайн режимде жүргізуін жалғастыруда.

7AEAE7B3-BB54-4C1B-AB2C-967C88D28607

Қасиетті Рамазан айы басталғалы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының мұсылмандар мешітінің  бас имамы Қ.Жакенов пен мешіт ұстазы Ж.Лұқпанов @aqsaidin инстаграм парақшасында «Рамазан құндылықтары», «Отбасы ғылымхалы», «Құран оқып үйрену» тақырыптарында онлайн дәрістер оқып, жамағаттан келген сұрақтарға жауап беріп, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек аптаның әр күні «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу шарасы өтуде.

7C36D018-60A1-4CA1-BEF6-6F2F900F6AFD

Ал «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен @parasat_k.b.bko және @aqsaidin инстаграм парақшаларында кестеге сәйкес «Талас-тартыс мәселелері», «Елімізде тыйым салынған діни ұйымдар», «Хадис ілімі» тақырыптарында онлайн дәрістер ұйымдастырылуда.    

35F78D00-D7B5-4F30-B4B3-AE581B50B2BD

Қазірге таңда бір күнде онлайн дәрістерге 100-ден астам адам қатысып, 40-тан астам сұрақтар келіп түсуде. Дәрістер қасиетті ай аяқталғанша өз жалғасын таппақ.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале