5.05.2020, 11:35
Оқылды: 47

Біржан Нұрымбетов: "1,2 миллионнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылады"

Биыл 1,2 миллионнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

539F2496-3992-4446-BBE4-4400864A51A9

Министрдің айтуынша, барлық өңірде 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтитын кешенді жоспарлар бекітілген.

C405D84E-BCEE-4CE0-8CF9-EA1217FE6885

«Барлық іске асырылып жатқан бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, 2020 жылы жұмыспен қамтуды ынталандыру шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту мүмкіндігі бар. Соның ішінде 855 мың адам ЖҚЖК және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша назарға алынса, басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдар қосымша 364 мың адамды қосымша қамтуды жоспарлап отыр», – деді Біржан Нұрымбетов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале