Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету қоры» ұйымдастырған «Біз – жеңістің ұрпағымыз» атты әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым байқауы мәреге жетті.
Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, өңіріміздің жеңіске қосқан үлесін айқындау, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, отансүйгіштік пен патриотизм сезімдерін арттыру мақсатындағы онлайн конкурсқа жүзден астам батысқазақстандық қатысты.
Қорытындысында арнайы комиссия мүшелерінің шешімімен ІІІ орын соғыста ес-түссіз жоғалған атасына жан тебірентер хат жазған бөрлілік Аурика Бабенкоға, екінші орын Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұлов туралы тамаша видео әзірлеген шөбересі Сұлтан Жақсығұловқа бұйырды. Ал І орынды атасы туралы естелік видео жариялаған қаратөбелік Айдана Ибатуллақызы жеңіп алды.
Түгелбай Бисен
zhaikpress.kz