Бүгін Сырым ауданында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Сырым аудандық орталық мұсылмандар мешітінің имамы Әділхан Наурызбай өмірден өткен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге арнап Құран бағыштады.
Үш рет салют беріліп, Отан үшін от кешкендер бір минут үнсіздікпен еске алынды.
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев бастап, ардагерлер, мекеме басшылары мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы
zhaikpress.kz