12.05.2020, 11:30
Оқылды: 169

Жәнібек ауданында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылды

Мереке қарсаңында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық   филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова Жәнібек ауылының тұрғыны, тыл ардагері Анна Шабанованың, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қызметкерлері тыл ардагері Бақыт Сапарғалиеваның, полиция бөлімінің қызметкерлері тыл ардагері Рахима Қасмұқанованың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.

74E182C0-D392-4A8D-B53D-42A8EA55A68C

Отты жылдары ер азаматтар соғыс алаңында от кешсе, олардың амандығын тілеген ел-жұрт тылда аянбай еңбек етіп, ерліктің сан қырлы үлгісін көрсетті. Иықтарына ақ орамал жауып, шағын сый-сияпат табыстаған өкілдерге еңбекқор әжелер ризашылық білдірді. Тыл ардагерлері сұрапыл соғыс жылдарында тартқан тауқыметі туралы толғана сыр шертті.

5012E86F-0FE4-41CE-9015-22AFB8E79CAB

     Жәнібек ауданы орталығында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Қаһарман аудан» тынымбағының ашылу рәсімі өтті. Жеңімпаз майдангер аталар мен батырларды еске түсіріп, жеңіске үлес қосқан  аудан ерлерінің ерлігін дәріптейтін «Қаһарман аудан» белгісін ашу құрметі мен гүл шоғын қою рәсімі аудан әкімі Азамат Сафималиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиевке берілді.

A0C7363D-B127-4506-9931-33D470EA7900

Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, одан әрмен ұрпақ атынан қаһарман елге арналған ақын Нұртай Текебаевтың жалынды жыры назарға ұсынылды. Жиын аудандық мәдениет қызметкерлері Мейрамгүл Дәулетқалиева мен  Данабек Үмбетәлінің орындауындағы «Жәнібегім» әнімен қорытындыланды.

Сондай-ақ ауданда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Кеңес Одағының батырлары Е.Ниетқалиев, Н.Чуриков және Халық қаһарманы Х.Доспановаға аудан орталығынан ескерткіш орнатылып, салтанатты түрде ашылды.

FD5CF79B-5C19-4A5C-90A2-670B9068C18A

Аудан халқы ерлікке тағзым етіп, боздақтардың рухына бас иетін бұл алаңның мәртебесі одан сайын артып, «Батырлар аллеясына» айналды.

9CA1807A-2BF1-4E56-ABA9-2FE53C24EE23

Кеңес Одағының батыры Ерденбек Ниетқалиевтің ескерткішін ашу құрметіне аудан әкімі Азамат Сафималиев пен батырдың ұрпағы Еркінгүл Есенова ие болса, Хиуаз Доспанованың ескерткішін аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев ашты. Ал ержүрек батыр, «Құрмет белгісі», «Ленин» ордендері және бірқатар медальдармен марапатталған Николай Чуриковтың ескерткішін ашу құрметі «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиевке бұйырды. Жиында аудандық мәслихат хатшысы Тахир Зинұрұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Мырзағалиұлы сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ аудан әкімі мен облыстық мәслихат депутаты Ескендір Елемесов мәңгілік алауға гүл шоғын қойды. Жиын кеудесін оққа тосқан қайтпас қайсар батырларды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен аяқталды.

Гүлім Қабдолова,

Гүлзара Төреғалиева

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале