13.05.2020, 10:15
Оқылды: 24

Бәйтеректік тұрғындар жұмыспен қамтылмақ

 «Адал көмек» жобасы аясында «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары шеңберінде бос жұмыс орындары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі базасында онлайн-конференция ұйымдастырылды.

 D5A49D7D-584F-44C9-B106-42E38CBA0C88

Онлайн-конференцияда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алексей Герасимов мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде атқарылатын жұмыстарға толыққанды түсінік берді.

F8763784-8B8F-4EFE-952F-86C1B8798B18

- Аудан бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 9 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған болатын. Жалпы құны 2 млрд. теңгеден астам қаражатты құрайды. Бағдарлама аясында 687 жұмыс орнымен 341 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

8067C2A2-B5E1-439B-853A-9896EDD7BC2F

Оның ішінде Бәйтерек ауданының Зеленый орта мектебінің жөндеу жұмыстары, Дариян, Мичурин ауылдарындағы, Мичурин ауылдық округіне қарасты Асан елді мекеніндегі автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу, Көшім, Щапов, Достық ауылдарында кәріз желісін күрделі жөндеу, Новенький ауылында ауылішілік су құбырын күрделі жөндеу және Көшім ауылдық округінде Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жылыту қазандығының құрылысын жөндеу жұмыстары бар.

C1B38877-A429-4537-8154-CAB3096F8CAC

Бүгінгі таңда аталмыш жобалардың ішінде кейбір нысандар жөндеу жұмыстарын бастап та кетті. Атап айтар болсақ, Зеленый орта мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстарына 54 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 27 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы, Дариян ауылындағы автомобиль жолдарының күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына 104 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 52 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы, Мичурин ауылындағы жол жұмыстарына 159 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, оның ішінде 80 адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы, Асан ауылындағы жұмыстарға 318 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, 159 адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолдауға мүмкіндік бар, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов.

Аудан бойынша «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша бірқатар жобалар өз жұмыстарын бастағаны белгілі.

- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Переметный және Калинин ауылдарындағы су құбырларын күрделі жөндеу жоспарланған.

Переметный ауылы бойынша ауыл ішіндегі жолдарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстары, Камен, Батурин мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған. Соның ішіндегі 3 жоба өз жұмыстарын жүргізуде. (Переметный ауылы бойынша ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, Камин, Батурин мектептерін күрделі жөндеу жұмыстары).

Аталмыш жобаларға барлығы 207 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, барлығы да жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданатын болады.

Қазіргі уақытта Переметный ауылындағы жол жұмыстарына 21 адам, Камен мектебіне 18, Батурин мектебін жөндеуге 22 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданып отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жоспарланған 4 жобаға Достық ауылдық округіне кіреберіс 8 шақырым жолды, Белес ауылдық округіне кіреберіс 9 шақырым жолды орташа жөндеу, Переметный-Егіндібұлақ, бағытындағы 13 шақырымды, Переметный-Шалғай бағытындағы 24 шақырымды автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары кіреді.

Бүгінде Переметный-Егіндібұлақ бағытындағы 13 шақырымды автомобиль жолдарын орташа жөндеу, Переметный-Шалғай бағытындағы 24 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталған. Негізінен алғанда ол жұмыстарға жұмыспен қамту орталығы арқылы 40 адам жолданады деп жоспарланып отыр, - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Алексей Герасимов.

 Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

 Суреттерді түсірген Сәлім Мәмбеталиев

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале