13.05.2020, 12:48
Оқылды: 15

БҚО-да апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі біртіндеп шешілуде

Облыста 11 356 оқушыны қамтитын 7 үш ауысымды мектеп бар.

ED56C291-9729-4AB4-8A67-A446692A540E

Олар: Орал қаласында №47 мектеп, №10 мектеп, №20 мектеп, эстетикалық бағыттағы гимназия, №18 мектеп, Х.Доспанова атындағы №30 мектеп, қазақ тілінде білім беретін Теректі ауданындағы Подстепный орта мектебі және 1 үш ауысым алдындағы Орал қаласындағы №46 мектеп жұмыс жасайды. Жалпы оқушы орнының тапшылығы – 2 281 орын.

Облыста барлығы 3752 оқушы білім алатын 8 апатты жағдайдағы мектеп бар. Олар: Орал қаласындағы №33 мектеп, №31 мектеп, №8 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, Қазталов ауданы Казталов ауылындағы А.Оразбаева атындағы мектеп, Жұлдыз ауылындағы Хұсайынов атындағы мектеп, Сарықұдық негізгі мектебі, Ақжайық ауданындағы М.Өтемісов атындағы мектеп, Чапаев ауылындағы Абай атындағы гимназия және 2 мектепке күрделі жөндеу жүргізу орынсыз қорытындысын алған Бәйтерек ауданы Достық мектебі, Щапов мектебі жұмыс жасайды.

2020 жылы 3 мектептің құрылысын бастауға және аяқтауға республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер бөлінді:

- Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп, нысанды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда (апатты мектептің орнына).

- Орал қаласында 900 орындық №51 ЖОББМ. Нысанды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда (үш ауысымды мектептер санын қысқарту үшін).

- Казталов ауданы Казталов ауылында 600 орындық мектеп. Жалпы құны - 2319,2 млн.теңге. Нысан 2021 жылға өтеді (апатты мектептің орнына).

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 1047132,0 мың теңгеге 4 білім беру нысанының құрылыс және қайта құру жұмыстары жоспарлануда:

- Орал қаласында 300 орынға арналған №33 мектебі;

- Бәйтерек ауданы Зеленов мектебінің ғимаратын қайта құру;

- Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылындағы М.Бегалиев атындағы мектептің екі ғимаратының арасына жабық өткел құрылысы;

- Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында А.Оразбаева атындағы орта мектебінің спортзал құрылысы.

2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 4 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 782 235 мың теңге бөлінді.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол қартасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 8 245 719 мың теңгеге 26 білім беру нысанын күрделі жөндеу жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале