14.05.2020, 18:14
Оқылды: 37

«Абай» айлаққа аттанды

Бүгін елімізде шекара қызметі үшін тұңғыш рет жасақталған маневрлік тұрақтау пункті Шаған өзеніне түсірілді. «Зенит» зауытында құрастырылған қалқымалы теңіз айлағы енді Каспий жағалау күзетіне жөнелтілетін болады.

75FD67FC-C086-4FB6-A497-FAC6D6B26006

Салтанатты шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі директорының бірінші орынбасары, полковник Айдар Аймурзин, Шекара күзеті департаментінің жағалау күзеті басқармасының бастығы, І рангылы капитан Сабыр Хасанов, «Орал «Зенит зауыты» АҚ-ның бас директоры Вячеслав Валиев қатысты.

93AA4F2D-6B13-436B-A7EB-15670D6BA307

Алдымен сөз алған өңір басшысы Ғали Есқалиев маневрлік тұрақтау пунктін жасауға атсалысқан зауыт ұжымына алғысын жеткізді.

- Құрметті жерлестер, бүгін шекарамыздың қорғаныс қабілетін нығайтуға арналған «Орал «Зенит» зауыты» шығарған 500 тоннадан астам су сыйымдылығын құрайтын маневрлік тұрақтау пунктінің суға түсіру шарасына қатысып отырмыз. Еліміз үшін аса маңызды кемені бір жылда жасап шығарған зауыт ұжымы мен оны 30 жылдан астам басқарып келе жатқан Вячеслав Валиевке өз ризашылығымды білдіремін. Еліміздегі шекара қызметінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген зауыттың жұмысшы-қызметкерлеріне үлкен жетістіктер тілеймін! Сонымен қатар Үкімет басшысына, «Қазақстан инженеринг» ұлттық компаниясына, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ-на, шекара қызметінің басшыларына қорғаныстық бағыттағы маңызды жобаға қолдау танытқаны үшін алғыс білдіремін, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

9875DA57-AF89-4830-B19B-2CE15B978645

Бұдан кейін маневрлік тұрақтау пункті өзенге түсірілді.  

AC761B03-1F60-4AE4-8200-7C776A025110

Ұзындығы 50 метр, ені 10 метр, биіктігі 4 метр, судың жалпы сыйымдылығы 500 тонна, энергетикалық қуаттылығы 394 кВт құрайтын МТП бір мезгілде төрт бірдей кеме мен катерлерді орналастыра алады. Жалпы сыйымдылығы 800 т құрайтын кемелер мен катерлердің порттан тыс жерде (ашық теңізде) аялдауын, су көліктеріне қуат көзін беруді, жүктеу және тиеу жұмыстарын жасауды, су көліктерін 10 тәулікке жететіндей қажетті қорлармен толықтыруды қамтамасыз ететін болады. Бұл - шекара қызметінде уақытты үнемдеуге мол мүмкіндік туғызбақ.

6DF19AC4-81D8-46B8-BEEB-E6A873B0F2CE

- «Зенит» зауытының өнімдері әрқашан үлкен сұранысқа ие. Біздер бұл зауытпен 20 жылдан астам уақыт серіктес болып келеміз. Осы уақыт аралығында жоғары бағаға ие болған 30-ға жуық кеме мен катерді шығарған болатын. Қазіргі таңда Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінде орналасқан  кемелердің тұрағын  дамыту қолға алынып, шекара қызметі үшін маневрлік тұрақтау пунктін құрастыруға келісім жасаған болатынбыз. Ашық теңізде де, жағалауда да тұрақтауға ыңғайланып жасақталған бұл МПТ ең алдымен кеме тұрағының  жетіспеушілігінің орнын толтырып, кемелер мен катерлердің жұмысын жеңілдететін болады. Тұрақтау пунктіне екі кеме, екі катер бір мезгілде тұрақтай алады. Мұнда кемедегі жеке құрамның демалуына толықтай жағдай жасалған. Маневрлік тұрақтау пункті 175 жылдық мерейтойына орай ұлы Абайдың атымен аталатын болады, - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі директорының бірінші орынбасары, полковник Айбар Аймурзин.

B1C0310F-0E49-42F0-A12D-C6E30CDEE195

82EED7E9-2D22-43EF-A9FD-2D8FC1E1A30D

965D594A-70A3-47A2-93EF-F613D5BAF2E8

6F492DE8-45D2-4FFB-B340-86ACF0D7F69F

Ләззат Шағатай

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале