15.05.2020, 16:34
Оқылды: 44

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан шекарасынан кімдер өте алатынын хабарлады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібін Facebook-тегі парақшасында жариялады.

B1242AC0-8ABF-4BDD-8514-F0402FC89A22

Қазақстан азаматтарының және шетелдіктердің (азаматтығы жоқ адамдардың) ҚР Мемлекеттік шекарасынан өтуіне санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін уақытша шектеу енгізіледі. Мыналар оған қосылмайды:

1) елдің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналы;

2) ҚР ыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстанға жіберілген ресми делегациялардың мүшелері, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың делегациялары мүшелері;

3) Қазақстан Республикасының мүшесі болып табылатын және шет мемлекеттердің аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары - қызметкердің мәртебесін растаған жағдайда;

4) пойыз және локомотивтік бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді және халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын поездарды қабылдау, тапсыру және алып жүру жөніндегі операцияларға қатысатын адамдар;

5) қазақстандық әуекомпания қызметкерінің мәртебесін растаған жағдайда қазақстандық әуекомпанияларда істейтін қызметкер шетелдіктер;

6) санитарлық-карантиндік ережелерді сақтай отырып, қазақстандық әуекомпаниялардың қызметкерлері болып табылатын шетелдіктердің отбасы мүшелері (туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда - жұбайы (зайыбы) және олардың балалары), бірақ 30 тәулікте 1 реттен артық емес;

7) қызметкерлердің куәландырылған атаулы тізімде болған жағдайда қызметтік міндеттерін атқару үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;

8) Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда орналасқан әскери құралымдар, өнеркәсіп бөлімшелері мен кәсіпорындарының құрамына кіретін Ресей Федерациясының азаматтары және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата-аналары және балалары) әскери құралымдарда (бөлімшеге, өнеркәсіп кәсіпорынға) тиесілігі және туысы екендігін растаған кезде;

9) «Байқоңыр» кешені мен Байқоңыр қаласының аумағына Ресей Федерациясының азаматтары мен олардың отбасы мүшелері – «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істейтін, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұрақты немесе уақытша тіркелген мемлекеттік органдардағы және өзге де ұйымдардағы жұмыстың/қызметтің жарамдылығын растайтын құжатты/құжаттарды міндетті түрде ұсынған кезде;

10) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері, қызметкердің мәртебесі расталған кезде;

11) бұрын шет мемлекетке кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (азаматтығы жоқ адамның куәлігімен Қазақстан Республикасы құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар) Қазақстан Республикасына қайтып келген кезде;

12) Қазақстан Республикасынан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткен және/немесе иммиграциялық визалары бар Қазақстан Республикасының азаматтары;

13) Қазақстан Республикасының шетелге емделуге кететін азаматтары Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен кезде (екі ересек адамнан аспайтын еріп жүргенде), мынадай құжаттар болған кезде:

- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысанына сәйкес диагнозды және емдеу жеделдігін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы»;

- шетелдік медициналық ұйымнан емделуге шақыру-хат, нотариалды куәландырылған аудармасы бар; 14) шет мемлекеттердің тұруға ықтиярхаты бар не олардың аумағында уақытша болуға рұқсаты бар Қазақстан азаматтары – 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес; 15) Қазақстан Республикасының әуежайларынан бұрын туристік жолдамалар бойынша демалуға ұшып шыққан және өзінің азаматтығы бар еліне автомобиль көлігімен одан әрі шығу мақсатында демалғаннан кейін Қазақстан Республикасының әуежайларына қайтып келген шетелдіктер, оларды осы мемлекеттер елшіліктерінің келісімі бойынша және жәрдемімен әкеткен жағдайда;

16) қажетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өз мемлекеттерінің Елшілігі мен консулдық мекемелерінің өтініші бойынша азаматтығы бар еліне автомобиль өткізу пункттері арқылы одан әрі ұшып шығу немесе кету үшін Қазақстан Республикасына әуе өткізу пункттері арқылы келетін шетелдіктер;

17) растайтын құжаттары болған кезде отбасы мүшелері мен жақын туыстарын (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері) жерлеуге бара жатқан адамдарды, сондай-ақ қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін (мәйітін) жерлеу орнына ілесіп жүретін адамдар;

18) ауыр науқастануы туралы емдеу орнының растайтын құжаттары болған кезде ауыр науқастанған отбасы мүшелері және жақын туыстарын күтіп-бағу үшін бара жатқан адамдар (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері);

19) Қазақстан Республикасының аумағына елден кету үшін бұрын келген шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамның куәлігі шет мемлекет құжаттаған азаматтығы жоқ адамдар);

20) Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты (оралман мәртебесі) бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) және олардың отбасы мүшелері (жұбайы, зайыбы, олардың ата - аналары және балалары) - 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

21) Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер (азаматтығы жоқ адамдар) - туыстық байланыстар фактісі расталған жағдайда (жұбайы (зайыбы), олардың ата - аналары және балалары) - 30 тәулік ішінде 1 реттен артық емес;

22) шетелдіктердің отбасы мүшелері (ерлі – зайыптары, ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары), қорғаншылары мен қамқоршылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары –тек отбасы мүшесінің азаматтығы бар еліне шығу үшін, 30 тәулік ішінде 1 реттен көп емес;

23) шетелдік оқу орнының растайтын құжаттары болған жағдайда шет мемлекеттердің аумағындағы оқу орындарында оқып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары;

24) тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі болған кезде халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (бір жүк көлік құралына 2 жүргізушіден артық емес);

25) осы тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат етілген адамдарды тасымалдауды және эвакуациялық рейстерді жүзеге асыратын жүргізушілер;

26) әрбір жеке жағдай үшін ҚР Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың қызметкерлері (мамандары) – шетелдіктер;

27) әрбір жеке жағдай үшін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары төрағалығымен арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекітетін тізімге сәйкес жасалған келісім-шарттар шеңберінде автомобиль және арнайы көлік жеткізуді жүзеге асыратын адамдар. Ақтау және Құрық теңіз порттарында жүк автокөлік құралдарының жүргізушілерін, Қазақстан Республикасына қайтып келе жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және олардың жеке көлігін қоспағанда, жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Жүктерді теңіз порттары арқылы ауыстырып тиеу қатаң түрде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс. Экипаждың кемелерден шығуына тыйым салынады. «ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге және Қазақстан Республикасының аумағында болуға мемлекеттік органдарының рұқсаттарын белгіленген тәртіппен ресімдеген жағдайда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру науқандары және ғарышкерлер қонатын жерден және ұшырылатын ғарыш объектілерін іздестіру және эвакуациялау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде іске қосылған әуе кемелерін және жер үсті техникасын шекара арқылы өткізуді жүзеге асыруға рұқсат етіледі», делінген хабарламада. Аталған тәртіптің 1-тармағы 5, 6, 15, 20, 21, 25, 26 тармақшаларында көрсетілген шетелдіктерге (азаматтығы жоқ адамдарға) Қазақстан Республикасына кіру үшін Қазақстан Республикасына кіруге құқық беретін құжаттардан басқа, COVІD-19 коронаврустық инфекциясы белгілерінің жоқтығы туралы ПТР-тест (полимеразды тізбекті реакция) өту анықтаманың болуы талап етіледі. «Анықтаманың болуын тексеруді санитарлық-карантиндік бекеттерінің қызметкерлері жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісім бойынша (оның ішінде жұмыс тәртібімен) шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметтері ресми өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы арқылы өзінің азаматтығы бар еліне транзиттік жол жүрудің орындылығы мен мүмкіндігін анықтауға, етуге рұқсат етілсін» делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале