20.05.2020, 15:57
Оқылды: 20

 55 қаратөбелік үй жағдайында оқшаулануда  

 Коронавирус індеті еліміздің барлық аймақтарына таралып үлгергені баршаға белгілі. Қазіргі таңда қатерлі кесел көршілес Сырым ауданының бір тұрғынынан анықталып отыр. Коронавируске шалдыққан адаммен қаратөбелік азаматтар да байланыста болған. 222B6881-B39A-4BAE-9704-744856722C54

Қалыптасқан жағдайға байланысты науқаспен қарым-қатынаста болған аудан тұрғындарынан бүгінгі таңда сынамалар алынып, үй карантиніне алынды.

– Елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың саны күн сайын өсуі – тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауынан болып отыр. Қазіргі таңда үй жағдайындағы медициналық бақылауда 55 қаратөбелік азамат қадағалануда. Олардың көпшілігі Теңіз кен орнынан, Ресей мемлекетінен вахталық әдіспен жұмыс жасап келгендер. Карантин қарым-қатынасты азайту арқылы қауіпті індеттің таралуының алдын алу үшін қажет. Осыны аудан тұрғындары түсінсе дейміз. Бірақ, өкінішке орай, ауданда медицина және құқық қорғау қызметкерлерінің күні-түні жұмыс жасап жатқандығына қарамастан, карантин режимін бұзып жатқан тұрғындар баршылық. Бұған азаматтардың өзі жауапкершілік танытпай отырғандығы себеп, – дейді Қаратөбе аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Мағия Аманжанова.

Жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда тұрғындар ауызашар беруді тоқтатуға шақырамыз. Сондықтан карантин күндері әркім өз шаңырағында отбасы мүшелерімен ауызашар өткізуге, көпшілік орындарда (дәмхана, мейрамхана) жиналмауға кеңес береміз.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале