22.05.2020, 8:20
Оқылды: 43

«Қазмедиа» орталығының жұмысы қатаң режимге көшірілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Евразия + ОРТ» ЖШС қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына қатысты пікір білдірді.

78EF1547-0DA3-445C-893D-F4279A1C2E67

«Шынында да, арна басшылығының бастамасымен жүргізген тест нәтижесінде екі адамның вирус жұқтырғаны расталды. Қазіргі уақытта «Қазмедиа орталығы» ғимаратының жұмысы (соның ішінде «Евразия + ОРТ» ЖШС отыратын орын да) эпедемияға қарсы қатаң режимге көшірілді. Вирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, 14 күндік үй карантиніне жабылады. Ғимаратта жұмыс істейтін азаматтардың бәрі де кезең-кезеңмен коронавирусты анықтайтын тестілеуден өтеді», - деп жазды Аида Балаева facebook парақшасында. Министр кейінгі кезде қазақстандықтар жаппай COVID-19 бойынша тестілеуден өтіп жатқанын жеткізді. Сол себепті науқастар саны бойынша ресми статистика көрсеткіші өскен. «Өзіңіз бен туғандарыңызға қауіп төндірмеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтауға шақырамын», - деді ол.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале