Танымал әнші Димаш Құдайберген өзі туралы жаңа комикстің кейіпкері атанды, деп хабарлайды Dimashnews.com сайты.
«Құрметті Димаш шығармашылығының жанкүйерлері! Бүгін сүйікті әншіміздің туған күнінде жаңа ресми Dimash Manga (Manga D’R’S’) жобасымен қуана-қуана таныстырамыз. Manga D’R’S’ — бұл ерекше және қызықты сюжеті бар жапон комикстері (манга) жанрындағы шығармалар циклі. Ең бастысы – бұл жобаға Димаш Құдайбергеннің қатысуы! Толығырақ dimashmanga.com сайтында танысуға болады», - деп хабарланды әншінің ресми сайтында. Комиксті әлемнің 7 тілінде электронды немесе баспа түрінде арнайы сайттан сатып алуға болады. Оқиға желісі 2019 жылдың 10 желтоқсанында Димаштың Нью-Йорктегі концертінен бастау алады. Manga D’R’S’ шамамен 1 шілдеде сатылымға шыға бастайды. Ал таяу күндері сайтта тіркеу басталады және арзан бағамен сатып алу үшін алдын ала тапсырыс қабылданады. Сонымен бірге, манга командасы жаһандық және орыс, жапон, қытай тілдеріндегі әлеуметтік желілерден парақша ашты.
zhaikpress.kz