1.06.2020, 15:24
Оқылды: 19

Бөрлінің үш ауылдық округінде өрт сөндіру бекеттері ашылды

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Бөрлі ауданында үш өрт сөндіру бекеттері ашылды.

CCC092D1-D825-4802-A7B0-53C1B6235138

Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі - егін мен мал шаруашылығы. Сондықтан әрбір жайылымдық жер маңызды. Екі жыл бұрын ауылдарда өрт сөндіруші бекеттері жұмысын тоқтатып, ағайын тосыннан тиген тілсіз жауды бүкіл ауыл болып әрең тоқтатушы еді. Кейін ел ағаларының бастауымен ерікті құтқару жасағы құрылып, аудан әкімдігі бұл жұмыстарға трактор алып берді.

0F32AB3E-3EC9-4DB8-B323-F535A1907787

Дер кезінде дабыл қағылған жағдайдың өзінде тілсіз жау айналаны шарпып үлгереді. Аптап ыстық күндер енді басталатындығын ескерсек, бұл қауіп сейілмейді. Енді қызыл жалыннан келетін қауіп азайған. Сондықтан тұрғындар алаңсыз. Өйткені ауданға қарасты Қарағанды Ақсу, Успен ауылдық округтерінде ашылған өрт сөндірушілер қосылып, жақын маңдағы ауылдарға да қызмет ететін болады. Жалпы, бұл жұмыстарға аудан қазынасынан 45 млн. теңге қаражат бөлінген.

2D9E4C83-8C61-4B1A-9BF3-549F94D0BA3F

Бекеттерде ауылда бекер жүрген 27 тұрғын жұмысқа алынып, 3 өрт сөндіру техникасымен қамтылды. Бекеттердің ашылу салтанатында № 42 ӨСБ бастығы Асылбек Мусинге «Қазақстан патриоты» медалімен марапаттаса, Ақсу ауылдық округіне Дрон бейнекамерасын сыйлады. Көмегі көп бұл құрылғы өрт ошағы орнын барлауды жүзеге асыруға және от бағытын анықтауға арналған. Дрон тепловизормен жабдықталған және оның көмегімен жеке құрамға бұйрық беруге болады.

1B127A72-4450-45CF-B28D-06BBDEDF7454

 Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале