Бәрімізге белгілі, мерзімді баспасөз басылымдарына 2020 жылдың жартыжылдығына жазылу науқаны жер-жерде жүріп жатыр.
Аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің оқырмандары да бұл маңызды істе жауапкершіліктерін білдіріп, науқанға атсалысуда. Тіпті, газет оқырмандары үшін демеушілер де табылып, игілікті іс қылуда.
Соның бірі - жақсылықтың жаршысы болып жүрген «Талапкер» ШҚ-ның жетекшісі Айбек Қазиев және «Сұлтанбек» ШҚ-ның жетекшісі Жайлыхан Матжанов сынды жусандойлық кәсіпкерлер. Әр шаңыраққа төл газет болған баспасөзге әрқайсысы мүмкіндігі шектеулі 18 адамнан жаздырып берді.
Тұрсынай Боранбайқызы
Қаратөбе ауданы