3.06.2020, 9:53
Оқылды: 11

БҚО-да соңғы тәулікте тағы 40 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 40 адам тіркелді.

covid-19-5080950_640

Коронавирус инфекциясы анықталған 2 адам - Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.

Ресей Федерациясымен шекарадағы "Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

30 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін, ал 5 адамнан профилактикалық мақсатта зертханалық сынама алынған.

Сонымен қатар, 3 адам - Атырау облысы Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, инфекциялық стационарға орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

2.06.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 732 адам тіркелді, оның ішінде 319-ы індеттен жазылып шықты.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале