Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №61 шешіміне сәйкес, 27 қыркүйекте өткен Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындыланып, Сайран Алтаяқов округ әкімі болып тағайындалды.

Жаңа әкім 1982 жылы Сайқын ауылында дүниеге келген және бұған дейін «Бөкей ордасы колледжі» директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Сайлауда бұл лауазымға өзін-өзі ұсынған болатын.

Бүгін аудан басшысы Нұрлыбек Даумов жаңа әкімді округ әкімі аппаратының ұжымына ресми түрде таныстырса, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлы оған қызметтік куәлігін табыс етті.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы